“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын Түркия Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Түркия Президенті жанындағы Телерадиокомпаниясы делегациясының мүшелері тамашалады.

Түркия Президентінің қолдауымен “Түркілер мұрасы” жобасы аясында деректі фильімге материалдар жинақтау мақсатында делегация мүшелері, Қазақстанның мәдени мұрасы мен археологиялық нысандары, сонымен қатар, музейлерде түсірілім жүргізіп, сұхбат алуда. 

“Берел” музей-қорығына келген делегация музей-қорықпен қатар ашық аспан астындағы номері 11 қорғанмен танысып, директордың м.а Алмас Тлеужанұлынан сұхбат алды. 

Алмас Тлеужанұлы сұхбаты барысында арехолог , ғалым, Берел қорғандарының авторы Зайнолла Самашевтің ерен еңбегін аттап өтті. 

Зайнолла Самашұлының басшылығымен жүргізілген қазба жұмыстардың нәтижесінде 1998-1999 жылдары қолдан жасалған мәңгі мұздықтағы № 11 «Патша қорғанынан» сақ көсемі мен әйелдің және ер тоқымымен бірге жерленген 13 жылқының мүрдесі, оған қоса патшаның салтанат киімі, мініс аттардың ат әбзелдері, ағаштан, былғарыдан, киізден аң стилінде жасалған мыңнан астам қолөнер жәдігерлері табылғандығы баяндалды.

Бұл жоба аясында 17 томдық кітап шығару жоспарланған, соның бір томы Қазақстан Республикасына түркі тілдес ортақ халық ретінде арналмақ. 53 мемлекеттің ішінде Қазақстан 11 -ші ел болып табылады. 

Жобаның режиссерлері - Мехмет Балабан, Фатих Сезгин. 

“Берел” музей-қорығының ұжымы “Түркі әлемінің алтын бесігі алтын Алтай” жеріне келген делегация мүшелеріне алғыс білдіріп , алдағы уақытта түркі қауымдастығымен байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіреді.

На сайте

Сейчас на сайте 33 гостя и нет пользователей