«Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» ⬇️ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған BR22082478 «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» гранттық жобасы аясында күнтізбелік жоспарға сай Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласындағы Ресей ғылым академиясы тарих және материалдық мәдениет институты және Эрмитажда, Ресей этнографиялық музейінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Іс - сапар барысында қызметкерлер Орталық Азия және Кавказ археологиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Николай Анатольевич Боковенкамен кездесу өткізіп, жоба бойынша жұмыстарды талқылады.

На сайте

Сейчас на сайте 51 гость и нет пользователей