«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Қазақ Алтайының б.д. І мыңжылдық басының ескерткіштері: халықтардың Ұлы қоныс аударуының және Еуразияның этномәдени құрылымының қалыптасуының бастаулары» атты ғылыми жобасы аясында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Жоба жетекшісі: З.С.Самашев. Берелдегі археологтардың табысы - әлемдік деңгейдегі жаңалық. Берел қорымында үлкенді-кішілі 100 ден астам обалар бар. Қазіргі таңда археологиялық ескерткіштерді зерттеуде басқа да ғылымдардың әдістері мен жетістіктері кеңінен қолданылады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитеті жобасы аясында дайындалуда.

На сайте

Сейчас на сайте 129 гостей и нет пользователей