1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени музей - қорығы «Бірлігіміз жарасқан» атты кітап көрмесін өткізді. Көрмеге музей қорының кітаптары қойылды.
1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.