Сабы зооморфты қола айна. № 2 Қорған, 2016 жыл.
Сабында жыртқыш мүсіншесі бар қола айна. Секіріп тұрған барыстың суреті нақты көрінеді. Көздері мен құлақтары анық бейнеленген. Құйрығы бұралған.
Сабында бейнеленген аң қатаң профильде көрсетілген, бір жағында көлемді, дөңес, артқы жағы тегіс. Сабымен бірге бар ұзындығы - 15,2 см. Айна диаметрі тұтқасыз - 7,8 см. Бұйым ұзындығы 13,5 см болатын былғары сауытта болған. Б.з.б.lV-III ғғ.
Зооморфты сабы бар қола айналар Еуразия дала кеңістігінің скиф-сақ әлемінің көне дүниелерінде жиі кездеседі.
Жоба жетекшісі: Самашев З.
Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда айна келушілер назарына ұсынылған.
https://berel-museum.kz/ru/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/593-saby-zoomorfty-ola-ajna.html#sigProId354b625bdc