«2022 жыл Қазақстандағы балалар жылына» орай, «21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» қарсаңында, «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектеп» КММ-нің 9-10 сынып оқушыларына «Беделі бағаланған - Берел» атты тарихи - танымдық сабақ өткізілді.

Басты мақсат: Ежелгі көшпелілер өркениетінің алтын бесігі – Алтайдың биік таулы аңғарындағы, Берел аймағында орналасқан, "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығының" құрылу тарихы мен археологиялық қазба жұмыстарының маңыздылығын түсіндіру болды. 

«Тоң басқан обалар кереметі» іс-әрекетінің негізінде оқушылардың бойында Берел қорғандарының тарихи тағдырына деген құрмет қалыптасты. Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларға кәдесыйлар табысталды. 

На сайте

Сейчас на сайте 128 гостей и нет пользователей