«2022 жыл Қазақстандағы балалар жылына» орай, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» - Берел қорғандарын қорғау жəне экскурсиялық қызмет бөлімінің саяхат жетекшілері, Катонқарағай ауданы, Жамбыл ауылындағы “Жамбыл орта мектебінің» 5-8 сынып оқушыларына, «Беделі бағаланған - Берел» атты тақырыпта тарихи-танымдық сабақ өткізіп, көшпелі көрме ұйымдастырды. 

«Беделі бағаланған - Берел» атты Тәрбиелік маңызы зор сабақтың басты мақсаты: 

1. Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының барысы жəне одан табылған жәдігерлер мен «Берел музей-қорығының» даму тарихын оқушыларға кеңінен таныстырып, насихаттау. 

2. Өз өлкеміздің тарихын тани отырып, өлкеміз куә болған, өткен дәуір ерекшеліктері мен әр дәуірге сай ескерткіштерді оқушыларға танытып, айқындау. 

Аталған тарихи-танымдық сабақта, «қазба жұмыстарының қаншалықты маңызды рөлге ие екендігі және тоң басқан тарихымызды зерттеуші ғалым – археологтар жайлы ақпараттармен таныстырылып өтілді.

На сайте

Сейчас на сайте 152 гостя и нет пользователей