«2022 жыл Қазақстандағы балалар жылына» орай, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» - Берел қорғандарын қорғау жəне экскурсиялық қызмет бөлімінің саяхат жетекшілері Катонқарағай ауданы, “Үлкен Нарын ауылдық лицейінің» 5-11 қазақ және орыс тілді сынып оқушыларына, «Беделі бағаланған - Берел» атты тақырыпта тарихи-танымдық сабақ өткізіп, көшпелі көрме ұйымдастырды. «Беделі бағаланған - Берел» атты Тәрбиелік маңызы зор сабақтың басты мақсаты: Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының барысы жəне одан табылған жәдігерлер мен «Берел музей-қорығының» даму тарихын оқушыларға кеңінен таныстырып, насихаттау. Өлкетану бойынша, өлкеміз куә болған, өткен дәуір ерекшеліктері мен әр дәуірге сай ескерткіштерді оқушыларға танытып, айқындау. Аталған іс-шарада Тәуелсіздік жылдарындағы қазба жұмыстарының қаншалықты маңызды рөлге ие екендігі және тоң басқан тарихымызды зерттеуші ғалым – археологтар жайлы ақпараттармен таныстырылып өтілді.
«БЕДЕЛІ БАҒАЛАНҒАН - БЕРЕЛ»
- Информация о материале
- Автор: admin
На сайте
Сейчас на сайте 332 гостя и нет пользователей