«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» - Берел қорғандарын қорғау жəне экскурсиялық қызмет бөлімінің саяхат жетекшілері «2022 жыл Қазақстандағы балалар жылына» орай, Катонқарағай ауданы, Аршаты ауылындағы Аршаты орта мектебіне «Беделі бағаланған - Берел» атты тақырыпта тарихи-танымдық сабақ өткізіп, көшпелі көрме ұйымдастырды. 

«Беделі бағаланған - Берел» атты Тәрбиелік маңызы зор сабақтың басты мақсаты: Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының барысы жəне одан табылған жәдігерлер мен «Берел музей-қорығының» даму тарихын оқушыларға кеңінен таныстырып, насихаттау. Аталған іс-шарада Тәуелсіздік жылдарындағы қазба жұмыстарының қаншалықты маңызды рөлге ие екендігі және тоң басқан тарихымызды зерттеуші ғалым – археологтар жайлы ақпараттармен таныстырылып өтілді.

На сайте

Сейчас на сайте 106 гостей и нет пользователей