Халықаралық балалар күні 1-ші маусым Халықаралық Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Бүкіл әлемде 1 - ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Құрметпен: “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени музей - қорығы” ұжымы.

На сайте

Сейчас на сайте 222 гостя и нет пользователей