Ақдала қорымы Бұқтырма өзенінің оң жағалауында, Аққайнар ауылынан шығысқа қарай 16 км жерде, Аққайнар-Берел жолының солтүстік жағында орналасқан. Қорымнан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде Қызылжұлдыз ауылы, оңтүстік-шығысқа қарай 6 км Еңбек ауылы орналасқан.

Қорым салыстырмалы түрде тегіс жерде орналасқан, батыс жағында Ақмарал елді мекеніне апаратын жол бар. Қорымның батысы мен солтүстігінен тау жоталары орналасқан. Зираттың аңғары қазір шабындық ретінде пайдаланылады, кеңестік дәуірде Қазақстанның көптеген алқаптары мен егістіктері сияқты жыртылып, дәнді дақылдар егілген болса керек.

Жоба жетекшісі: Самашев З. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитеті жобасы аясында дайындалды.

На сайте

Сейчас на сайте 354 гостя и нет пользователей