11 12 2018Шығыс Қазақстан облысы бойынша жыл сайын археологиялық қазба жұмыстары жалғасын тауып келеді.

Биылғы жылы да яғни, 2018 жылы шығыс өңірінің аудандарында қазбалар жүргізіліп, өте құнды жәдігерлер табылды.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуаттағы Елеке сазында жүргізілген қазбадан тағы бір Алтын адам табылғаны белгілі.

 

Жуықта ғана жарияланған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына тұспа – тұс шыққан бұл археологиялық жаңалық, Елбасының осы жәдігерлерге деген  қызығушылығын тудырып, Астана қаласындағы Әскери-тарихи музейге Өскемен қаласынан алдырылып «Берел» музейінің қызметкері Зайнолла Самашев Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа жәдігерлер жайлы жан-жақты мағлұмат беру сәті.

На сайте

Сейчас на сайте 195 гостей и нет пользователей