📅 18 мамыр 2025 жылы “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Халықаралық музей күнінеарналған арнайы тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – келушілерге Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныстыру, археологиялық жәдігерлердің құндылығын көрсету және тарихқа қызығушылығын арттыру болды.
🔍 Экскурсия барысында келушілер:
• Берел қорғандарындағы археологиялық қазбалар мен сақ дәуірінің мұраларымен танысты;
• Ежелгі көшпелілердің өмірі, қару-жарағы мен ат әбзелдерінің ерекшеліктері туралы тың деректер алды;
• Музей ішіндегі көрме залдарын аралап, жаңа экспонаттарды тамашалады.
Халықаралық музей күні – бұл тек бір күндік мереке емес, ол – мәдени мұраға деген құрмет пен жауапкершіліктің көрінісі.
⸻
📍 “Берел”музей-қорығы – тарихпен байланыс орнататын орын!
На сайте
Сейчас на сайте 82 гостя и нет пользователей