Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен Мәдениет және ақпарат министірлігі Мәдениет кометінің төрағасы марапатталды⬇️ Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін МжАМ Мәдениет комитетінің төрағасы Сейітова Күміс Қарсақбайқызы мемлекеттік награда «Құрмет» орденімен марапатталды. ⚜️Құрметті Күміс Қарсақбайқызы! “Берел” музей қорығының ұжымы атынан Сізді бүгінгі мемлекеттік награда “Құрмет” орденін алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Лайықты марапат деп есептей отыра, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға табыс тілейміз!
✅Қазан айының екінші жексенбісі елімізде Мүмкіндігі шектеулі жандар күні болып аталып өтеді. ✅Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. ✅Мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында Қазақстанда «Шекарасыз мәдениет» акциясы жарияланды. ✅Акция аясында 2024 жылғы 13 қазан мен 31 желтоқсан аралығында I, II және III топтардың ерекше қажеттіліктері бар азаматтар “Берел” музей-қорығына тегін кіре алады. ✅Бейінді мемлекеттік мекемелердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына ерекше қажеттіліктері бар балалар мен бірінші және екінші мүгедектік тобы бар ересектер тұрақты түрде тегін қатыса алатынын атап өту қажет. Үшінші топ үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Сенбілік — тазалық кепілі. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу мекеме қызметкерлерінің назарынан тыс қалған емес. Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Барша қазақстандықтарды туған жерімізді таза ұстауға шақырамыз.

“Берел” музей-қорығының заңгері Асемгуль Орынбекқызының Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қолдауы Арайлы Катонқарағай газетінің 2024 жылғы 13 қыркүйекте 37-ші санында жарияланды.

✅“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Алтай ауданының оқушыларына “Көшпелі тайпалар тарихы” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді.

✅Мектеп оқушылары Алтай субрегионында өмір сүрген скиф-сақ көшпелі тайпаларының әлеуметтік баспалдағындағы ең биік орындағы кісіні жерлеуге арналған құрылымы жайлы мол ақпарат алды.

❇️ Біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғасырлар аралығындағы осы өлке тұрғындарының әлеуметтік-мәдени дамуы мен дүниетанымының қайталанбас ерекшеліктерін музей-қорықтың экспозиция залдарында орналасқан археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер көрсетеді.

❇️Сол кездегі қолөнершілік пен зергерліктің өресі, ой мен танымның кеңдігі келушілермізге үлкен таңданыс тудырды.

⚜️ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы туристтік маусымның жабылуына орай Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дюсембаевтың алғыс хатымен марапатталды. 
 
✅ “Берел” музей-қорығының ұжымының атынан алғыс білдіреміз! 
⚜️ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы туристтік маусымның жабылуына орай Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дюсембаевтың алғыс хатымен марапатталды. 
 
✅ “Берел” музей-қорығының ұжымының атынан алғыс білдіреміз! 

Онлайн кім

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр