Қорық-мұражайдың құрылу мақсаты оның құрамына кіретін тарих және мәдениеттің археологиялық ескерткіштерін олардың ішкі көріністерімен, тарихи қалпында және онымен байланысты аумақтарды қол тимеген түрде сақтау және қатаң ғылыми негізде қайта қалпына келтіру, аса көркем, мәнерлі ғылыми экспозициялардың түпнұсқалық мұражай жинақтары негізінде жылжымайтын ескерткіштер жасау болып табылады.

Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей міндеттер орындалады.

1. Кәсіпорын аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, қорғау, зерделеу, консервациялау және пайдалану.

2. Кәсіпорын аумағындағы және қорларындағы мұражай құндылықтарын және тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу, сақтау, қалпына келтіру және сақталуын қамтамасыз ету.

3. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі.

4. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-әдістемелік және ғылыми-ағарту жұмыстары.

5. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жылжымайтын ескерткіштер мен мұражай жинағын көпшілікке әйгілеу, ғылыми-ақпараттық және жарнамалық басылымдар дайындау.

6. Белгіленген тәртіппен тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу.

7. Ескерткіштердің, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының және мұражай заттарының заңдық қорғалуын қамтамасыз ету.

8. Өңірдің тарихы мен мәдениеті бойынша білімді мақсатты бағытта беру жөніндегі ағартушылық-тәрбиелік қызмет.

9. Ғылыми қор жұмысы, мұражай қызметінің негізгі бағыттарын, ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу.

10. Отандық және шетелдік ұйымдар өткізетін ғылыми және мәдениеттану бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

11. Тарих және мәдениет мәселелері жөніндегі ғылыми және ғылыми-тәжірибелік конференциялар семинарлар дайындауға және өткізуге қатысу.

12. Мұражайлық маңызы бар заттарды жинау мақсатында тарихи-археологиялық экспедициялар, ғылыми іссапарлар ұйымдастыру және өткізуге қатысу.

13. Тақырыптық эскпозициялық жоспарларды әзірлеу, мұражай экспозициялары мен көрмелерді жобалау және құру.

14. Келушілердің түрлі санаттарымен экскурсиялар, дәрістер, тақырыптық кештер мен басқа шаралар өткізу.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр