“Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-музейі 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, “Саяхат жетекшілерінің біліктілігін арттыру мақсатындағы” музей ішіндегі көрме ұйымдастырылды. Экскурсиялық істің қалыптасуы, дамуы мен өрлеуі музейлердің тарихымен тікелей астасып жатыр. Әрбір өлкенің тарихи - мәдени орталықтары, сол өлкенің табиғаты, тарихы, өнері мен мәдениетіне баса назар аударту мақсатында, экскурсиялық топпен жұмыс жасайды. Осы мақсатта, Катонқарағай аудандық туризмді дамыту бөлімінің қызметкерлерімен біріккен, жас және тәжірибелі саяхат жетекшілерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуы болды. Экскурсия мәтініне нақты тоқталып, әдістемелік жетілдіру нұсқамаларына баса назар аудартылды.

На сайте

Сейчас на сайте 35 гостей и нет пользователей