2021 жылдың 14 мамыр күні Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызының халық алдында есеп беру кездесуі өтті.

__________________________

Кездесу Министрліктің Youtube арнасында тікелей эфир арқылы болды. Кездесу барысында Ақтоты Рахметоллақызы министрліктің өткен жылғы және 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы негізгі жетістіктеріне тоқталып, алға қойылған міндеттерді белгілеп кетті.​

__________________________

Өткен 2020 жыл мен 2021 жылдың бірінші тоқсаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жетекшілік ететін барлық сала үшін, жалпы зиялы қауым үшін шын мәнінде мазмұнды және нәтижелі болды.​

Еліміздің биылғы ең басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында, Министрлік ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттап, елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған әрбір жоспарлы шараның уақытылы және сапалы өткізілуінің қамтамасыз етілетіндігі, ұйымдастырылып жатқан барлық іс-шаралар өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларды ескеріп, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізілетіндігін айтылып өтілді.

__________________________

📝 Министр баяндамасында, Еліміздің барлық республикалық жетекші музей-қорықтарының аумағында визит-орталықтардың құрылысы мен оларды музейлендіру жұмыстары жүргізіліп, 2020 жылы музей-қорықтардың визит-орталықтарының құрылысы аяқталғандығын айтты. Сонымен қатар 2022 жылы құрылысы жоспарланып отырған «Есік» және «Берел» визит-орталықтарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде екендігін де айтып өтті.​

__________________________

📜 Министр баяндама соңында, “2020 жыл Министрлік жетекшілік ететін барлық сала үшін шын мәнінде мазмұнды және нәтижелі болды. Алдағы уақытта Министрлік алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды” - деп сөзін қорытындылады.

__________________________

Алдағы уақытта да ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ведомство басшылығының алға қойған міндеттерді іске асыру жолында толағай табыстар тілейміз!

На сайте

Сейчас на сайте 43 гостя и нет пользователей