“Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл - рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі”.
Н.Назарбаев.
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні - 18 сәуірде 1984 жылдан бері атап өтіледі.
1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге көтеріңкі сезім сыйлайтын салиқалы да салмақты сөзде қаншама терең тұжырым, ұлағаты мол ұғым, мағыналы да мазмұны ауқымды ой жатыр десеңізші! Табиғат – тіршілік көзі. Табиғатты аялау, оған үнемі жанашырлық сезіммен қамқорлық жасап отыру ата-бабаларымыздың ұрпақтарына ұран етіп қалдырған аманаты екендігін ешқашан да естен шығармауға тиіспіз.
Осы орайда, “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі” 18-сәуір “Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне” орай, Музей ұжымы біріккен сенбілік өткізді.
Өз өлкеміздің тарихи орны болып табылатын “Берел” қорық - музейі” айналасына және өлкедегі табиғи құндылық болып табылатын “Әулие бұлақ” пен мекеме айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.
На сайте
Сейчас на сайте 23 гостя и нет пользователей