Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көрсетілгендей, «Наурыз –тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі» тақырыбындағы бағыттың, «Таза табиғат» акциясын бірден қолдай кеттік. Себебі, бізді қоршаған ортаны таза ұстап, көгалдандыру әрбір Қазақстандық азаматтың табиғат ананың алдындағы қасиетті борышы деп санаймыз.
📌🗓 Наурыз мейрамының 10 – күндігі қарсаңында, «Жайлау күніне» орай, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» ұжымы бірігіп, музей айналасын қалың қардан тазарту жұмыстарын атқаруға белсене ат салысты. Шығыстың ызғарлы қысы алты айға созылатындықтан, қардың түсу деңгейі əдеттегіден көбірек. Жылдағы дәстүр бойынша, көгалдандыру жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап қолға алынады.
#Тәуелсіздікке30жыл
#НаурызМәдениетАйы
На сайте
Сейчас на сайте 107 гостей и нет пользователей